08 сәуір 2020 | 17:42

Қазақстанда оралман мәртебесін қалай алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда тұру ықтиярхатын қалай алуға болады? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Сонымен қатар, оралман мәртебесін қалай алуға болады? Бұл сұрақтарға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда тұру ықтиярхатын қалай алуға болады? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Сонымен қатар, оралман мәртебесін қалай алуға болады? Бұл сұрақтарға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рұқсат көші-қон полициясының аумақтық органында беріледі. ҚР келушілерге және тұру ықтиярхатын алуға тілек білдірушілерге қойылатын негізгі талап олардың төлем қабілеттілігінің дәлелі болып табылады.

Рұқсатты ресімдеу үшін не қажет?

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді және 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген тізбесі бойынша келесі құжаттар ұсынылады:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама.
Өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.

Бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін).

Шет елде тұрақты тұруға рұқсатты растайтын мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы не басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда).

Өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян.
Этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат.

Азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе).

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі.

Өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім.

"Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы

Мөлшері 35х45 мм бір фотосурет.

Тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).

Өтінішхатты қарау мерзімі күнтізбелік 60 күнді құрайды.

Оң қорытындысы шығарылған жағдайда шетелдік тұрақты тіркеу есебіне алынып және шетелдіктің тұруға ықтиярхатымен құжаттандырылатын болады.

Иммигранттарға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге тыйым салынады.

Тұру ықтиярхатын рәсімдеу үшін не қажет?

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхатты ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының сәйкес тұру ықтиярхаты 10 жыл мерзімге, шетелдіктің азаматтығы бар елдің паспортының қолданылу мерзіміне беріледі. ҚР тұру құқығының қолданылу мерзімін ұзарту немесе жаңа үлгідегі құжатты беру туралы өтінішті шетелдіктер мерзімі аяқталардан 1 ай бұрын, ал жоғалтқан жағдайда үш тәуліктен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына тапсыруы тиіс.

Жаңа тұру ықтиярхатын рәсімдеу кезінде шетелдік Қазақстанда тұрақты тұрушы мәртебесін жоғалтпайды.

ҚР-да тұруға ықтиярхатты "тұрақты тұру" санатындағы визаның негізінде ел аумағына келген шетел азаматтары ала алады.

Үкімет қаулысына сәйкес ҚР шетелдіктің тұру ықтиярхтаны рәсімдеу үшін уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр бір фотосурет;
жарамды ұлттық паспорт.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты толтырған кезде тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және басқа деректер үлттық паспорттарға сәйкес жазылады.

Шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтарға он алты жастан бастап беріледі, он алты жасқа толмаған балаларға тұруға ықтиярхат қажет емес.

Жоғарыда аталған құжаттар тапсырылған және өтініш беруші формулярдың түбіртегін алған сәттен бастап тұруға ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуына дейін - 17 күнтізбелік күн. Тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, ресімделген күннен бастап 7 жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен беріледі.

Азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеуде мемлекеттік баж алымының мөлшері мемлекеттік баж алымын төлеу күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен 400% құрайды. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатын рәсімдеуде мемлекеттік баж алымды төлеу күнінде белгіленген АЕК мөлшерінен 20%. Мемлекеттік баж алым ҚР банк мекемелері арқылы төленеді, оларға төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беріледі.

Оралман мәртебесін қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы аумағына өз бетімен келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін өтінішті Мемлекеттік корпорацияға бере алады. Өтініш беруші мынадай құжаттарды беруге тиіс:

өтініш;
өмірбаян (еркін нысанда);
отағасына, сондай-ақ әр отбасы мүшесіне өлшемі 3х4 сантиметр болатын екі фотосуреттен;

Өтініш білдіруші үміткердің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетел паспорттарының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің,) нотариалдық куәландырылған аудармасы бар көшірмелері;

Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұру шындығын растайтын, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туған ұлты қазақ балаларының құжаттардың көшірмесі.

Оралман мәртебесін беру облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін беру туралы шешімді өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды, оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден дәлелді түрде бас тартады.

Шешкеннен кейін жергілікті атқарушы орган оралман мәртебесін беру туралы ақпаратты және оралман куәлігін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Нәтижелерін алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация оралман куәлігін береді не оралман мәртебесін беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесін алуға өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

өмірбаян (еркін нысанда);
отағасына, сондай-ақ әр отбасы мүшесіне өлшемі 3х4 сантиметр болатын екі фотосуреттен;
үміткердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің), аудармасымен нотариалды расталған;
үміткердің сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері оралман мәртебесін беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды және оларды тіркеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті органына жібереді.

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды оралман мәртебесін беруге келісу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға немесе бас тарту себебінің дәлелді негіздемесімен бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.

Шешім қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдар этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, прокуратураның аумақтық бөлімшелеріне оралман мәртебесін иелену, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы, Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдар қатарында жататындығы туралы өзге де ақпарат туралы өтініш беріп жатқан үміткерлердің жасауы туралы әшкерелейтін мәліметтердің болуын не болмауын тексеру үшін жібереді.

Ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратураның аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органдарға этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге кедергі келтіретін осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің бар немесе жоқ екені туралы ақпарат жібереді.

Жергілікті атқарушы органдар:

күнтізбелік он күн ішінде тиісті органдардың ақпаратты келіп түскен күннен бастап оларды Комиссияның қарауына енгізеді. Комиссия он жұмыс күні ішінде этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап "оралман мәртебесін" беруге алдын ала келісім және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту себебінің дәлелді негіздемесімен баст тарту туралы шешім қабылдайды;

Комиссия шешімін қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге келісім және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы немесе себептерінің дәлелді негіздемесі бар бас тарту туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге жеткізу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оралман мәртебесін беруге келісімі туралы не себептерінің дәлелді негіздемесі бар бас тарту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін жібереді.

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алғаннан кейін оны бір ай ішінде өтініш берушіге жолдайды немесе бас тартылғаны туралы хабарлайды.

Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында оралман мәртебесін алғанға дейін жүзеге асырылады, бірақ 10 күнтізбелік күннен артық емес.

Бейімделу және интеграциялық қызметтерін көрсету үшін оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтары құрылып жатыр.

Орталықта уақытша негізде тұру үшін оралмандар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері тегін орналастырылады. Орталықта жедел оралмандардың қоғамға бейімделуі мен интеграциясына бағытталған жағдай жасалуда. Оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің тұру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімделу және интеграциялық қызметтерін көрсету тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Қызметтік немесе жеке тұрғын үй болмаған жағдайда, оралмандар оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан артық емес мерзімге уақытша тіркеле алады.

Оралман мәртебесі ҚР азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети