08 тамыз 2023 | 12:00

Қазақстанда орташа айлық жалақы туралы мәлімет жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда орташа айлық жалақы туралы мәліметтер жаңартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда орташа айлық жалақы туралы мәліметтер жаңартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

"2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы 2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1 пайызға өсіп, 365 502 теңге болды.

Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні 2023 жылғы II тоқсандағы бағалау бойынша 240 779 теңге болды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді", - делінген хабарламада.

Жалақының медианалық мәні - өсу немесе кему ретімен сұрыпталған деректер жинағындағы барлық жалақының ортасындағы жалақы деңгейі.

2022 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі байқалған салалар:

  • ақпарат және байланыс – 36 пайыз,
  • көлік және қойма – 24,6 пайыз,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7 пайыз,
  • көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8 пайыз.
  • білім беруде орташа айлық жалақының өсуі - 10,2 пайыз,
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 15,6 пайыз.

Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда төмендеген салалар да бар:

  • құрылыс – 3,5 пайыз,
  • тұру және тамақтану қызметтерін көрсету – 2,6 пайыз,
  • білім беру – 4,8 пайыз,
  • сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 0,1 пайыз.

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелген – 23,8 пайыз. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2 пайыз.

"Орташа айлық жалақы туралы ақпарат кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқсандық негізде ұсынатын есептік деректері негізінде қалыптастырылады. Жалақы мөлшері кәсіпорындардың есептелген жалақы қорының сомасын кәсіпорындар қызметкерлерінің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.

Бюро жариялайтын орташа жалақы туралы ақпарат бір қызметкердің есептелген жалақысының орташа мөлшерін көрсетеді, яғни барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, салықтарды және зейнетақы аударымдарын қоса ала отырып ескеріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети