Қазақстанда пара бергендерге айыппұл екі есе ұлғайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда пара берген және парақорлыққа делдал болғандарға салынатын айыппұл ұлғайды. Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пара берген және парақорлыққа делдал болғандарға салынатын айыппұл ұлғайды. Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді 50 АЕК-ке дейінгі (145 мың теңге) мөлшерде пара бергендерге салынатын айыппұл параның 10 есе мөлшерінен 20 есе мөлшеріне дейін ұлғайтылды.

"Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюынан бөлек пара беру мен парақорлыққа делдал болғандардың айыппұлы да өсті. Пара бергендер үшін (50 АЕК немесе 145 мың теңгеге дейін) айыппұлдың төмен көрсеткіші екі есе өсті - параның 10 еседен 20 есеге дейінгі мөлшерінде төлеу керек. Мысалмен түсіндірейін: азамат 100 мың теңге пара бергені үшін сотталса, онда сот оған кемінде 2 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығара алады. Бұрын айыппұлдың төмен мөлшері 1 миллион теңге болатын", - деп түсіндірді Олжас Бектенов Антикордың Facebook парақшасында өткен онлайн-брифингте. 

Антикор өкілі бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекске тиісте түзетулер енгізілгенін атап өтті.

"Бұрын азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде қарастарылған "Айтарлықтай ірі көлемде пара бергені" үшін ең көп дегенде 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделіп, бұл әрекет орта дәрежедегі қылмыс болып есептелетін. Ал жаңа редакцияда (заң нормасында - еск.) жазалаудың жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және сәйкесінше ауыр қылмысқа жататын болды. Бұл дегеніңіз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге мүмкіндік бермеу болып отыр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro