Қазақстанда паспорт цифрлық форматта шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда паспорт цифрлық форматта шықты

Қазақстандықтардың төлқұжаттары eGov мобильді қосымшасында электрон түрде қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың төлқұжаттары eGov мобильді қосымшасында электрон түрде қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Цифрлық құжаттар" - eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінде қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді", - деп жазды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-арнасында.

Министрдің айтуынша, әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады.

"Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, бүгінде паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және т. б", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети