Қазақстанда пәтер иелері кооперативі жұмысын жалғастырады. Мәжіліс заңға өзгеріс енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда пәтер иелері кооперативі жұмысын жалғастырады. Мәжіліс заңға өзгеріс енгізді Фото:elements.envato.com

Бүгін Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзгеріске сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап пәтер иелері кооперативі (ПИК), пәтерлер, тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі тұтыну кооперативтері қызметін тоқтатуды көздейтін норма заңнан алынып тасталды. Осылайша, ПИК және тұтыну кооперативтері Қазақстандағы жұмысын жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда заң күшіне енген болатын, оған сәйкес меншік иелерінің бірлестіктері (МИБ) ПИК-ті алмастыратын болды. Реформа 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырылуы керек еді. Кейін көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшіру мерзімдері былтырғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Биыл сәуірде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай реформаның орындалуына күмән келтірген болатын.

"Меншік иелерінің бірлестігі институтын енгізуге бағытталған реформа аяқталмады пәтер иелері кооперативімен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. Біз меншік иелерінің бірлестігі реформасымен үлкен қате жібердік", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети