12 ақпан 2015 | 11:57

Қазақстанда пәтер мен автокөлікті қолма-қол ақшамен сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Қазақстанда пәтер мен автокөлікті қолма-қол ақшамен сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пәтер мен автокөлікті қолма-қол ақшамен сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің бәріміз күнделікті жасалатын транзакцияларымызға куәміз, Қазақстанда төлемнің 93 пайызы қолма-қол жасалады. Бұл кез келген экономикада да жағымсыз жағдай болады, себебі бұл төлемдердің ешқайсысынан салық ұсталмайды, көлеңкеде. Біз олар көбіне доллармен жүзеге асырылады деп есептейміз. Мұнда, әсіресе, доллармен жасалатын сауданы тәртіпке келтіру керек деп ойлаймыз. Біз бағаның ұлттық валютада белгіленетініне әдеттенуіміз керек", - деді Келімбектов. 2014 жылдың желтоқсан айында Ұлттық банк Үкіметпен бірлескен мәлімдеме жасаған еді, оның бір тармағы шартты бірліктермен есеп айырысуға тыйым салу туралы болды.

Сонымен қатар, Келімбетов ірі есеп айырысулардың қолма-қол тәртіпте болмауы керек екенін айтты. "Біз жүзеге асыратын ең ірі сатып алулар, мәселен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сатып алу қолма-қол ақшасыз іске асырылуы керек деп есептейміз. Бәрінен бұрын нақтылы бір есепшоттардан жүзеге асырылуы керек, сонда ғана біз салық органдарымен бірге көре аламыз. Біз мұнда аз мерзім ішінде тәртіп орнатамыз деп есептейміз", - деп мәлімдеді ол тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети