Қазақстанда пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасау ұсынылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пайдаланылмайтын көлік иелеріне салық рақымшылығын жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Жұлдыз Сүлейменова e-salyq Azamat қосымшасы арқылы 10 мыңнан аса жеке тұлға көлік салығын түзетуге өтінім бергенін айтты.

"Әңгіме салық салынатын дүниелері жоқ тұлғаларға қатысты қате салық сомасын көрсету, берешек және басқа да сұрақтар төңірегінде болып отыр. Сонымен қатар, ақау неге болғанына жауап ретінде министрліктер қате жоқ екенін, барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты. Барлық дерек уақтылы әрі дұрыс берілетіні, Қаржы министрлігі есептеуде қате жіберілмейтіні айтылды. Нәтижесінде, көлік салығы мәселесі бойынша көрсеткіштерді беру бұл мәселені шешпейді. Жауап беруіңізді өтінемін, неге қате кетіп отыр?", - деді Сүлейменова.

Қаржы министрлігі басшысы екі министрлік салық төлеушілерге ескертпей миллионға жуық деректі жаңартқанын айтты.

"Мұнда көп қателік кеткен. E-salyq Azamat қосымшасы арқылы қандай мәселе туындағанын білеміз. Негізгі мәселе - адамдар бір-біріне сенімхат арқылы қайта сатуы, есептен шығармауы. Ұрланған көліктер әлі де бар. Халықтың бір бөлігі басқа мемлекеттерге көшіп кетеді, сенімхат арқылы сатып, есептен де шығармайды. Мұндай мәселелер бар екенін мойындаймыз. Біз ІІМ-мен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мысалы, қайтыс болған азаматтар немесе 60-70 жылдары басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға көшіп кеткендер бар. Ескі автокөліктер бар, олар пайдаланылмайды немесе апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Жарамсыз болғасын, олар қосалқы бөлшектерге жіберіледі. Осы бойынша Үкіметке ұсыныс тастаймыз, мүмкін рақымшылық жасау керек шығар. Олар тіпті іс жүзінде жоқ екенін білеміз. ІІМ-мен бірігіп, осындай жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro