Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау шарттары өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдау шарттары өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өткен коллегия отырысы барысында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бұл салаға қандай өзгерістің енгізілетінін түсіндіріп берді. "Педагогикалық білімді жетілдіруге мұғалімнің кәсіптік стандартын өңдеу, педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавр мен магистратура үшін жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу кіреді. Базалық педагогикалық ЖОО таңдалады және олар үшін ИИДМБ жоғары оқу орындарының үлгісі бойынша жеке бағдарлама әзірленетін болады", - деді ол.
Сәрінжіповтің айтуынша, педагогикалық ЖОО-ның 4 мыңнан аса мұғалімі жаңа стандартқа көшу үшін дайындықтан өтеді.
"Педагогикалық мамандықтар бойынша магистратурада мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жоспарланып отыр, сонымен қатар, жақсы студенттерді тарту мақсатында педагогикалық мамандықтар бойынша шәкіртақыға үстеме жасалады. Сондай-ақ, педагогикалық жоғары оқу орындарына қабылдаудың жаңа ережелері қабылданады. Сонымен бірге, тағы бір маңызды жайт, мамандыққа кірісу барысында педагогикалық ЖОО тәмамдағандарға тәуелсіз сертификаттауды енгізу жоспарланып отыр", - деді білім және ғылым министрі. Оның айтуынша, бұл шараның барлығы білім беруді жетілдірудің 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі шеңберінде іске асырылады.