ҚР Бас прокуратурасының өкілдері елімізде педофилдердің қалай кастрацияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Бас прокуратурасының өкілдері елімізде педофилдердің қалай кастрацияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енгенін еске сала кетейік. Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған тұлғаларға ғана қолданылатын болады", - делінген Бас прокуратураның түсініктемесінде.
Сондай-ақ, андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға - денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатыны айтылады.
"9 қаңтар 2018 жыл, Астана қ. Бүгін Бас прокуратурада химиялық кастрациялауды жүргізу туралы заңнамалық толықтырулардың қолдану және қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау қызметтерінің аталған процедураны жүргізуге әзірлігінің жай-күйі туралы мәселе бойынша ведомствоаралық жиын өтті. Жиын жұмысына Жоғарғы Соттың, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер, оның ішінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның орталық аппаратының қызметкерлері қатысты", - дейді прокуратура өкілдері.
Бұл жиында мемлекеттік орган өкілдері химиялық кастрациялау процедураларын жүзеге асыруға дайын екеніндігін мәлімдепті. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.