11 маусым 2015 13:14

Қазақстанда педофилдерді піштіру жазасын қолданысқа енгізу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© epochtimes.ru © epochtimes.ru

Қазақстанда педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Піштіру даулы мәселе болса да, ол сақтандыру шарасы, ерікті немесе еріксіз, химиялық немесе физикалық. Көптеген елде, оның арасында Ресейде бұл әдіс қылмысты азайту мақсатында енгізілген және бірінші кезекте ол бүлдіршіндерді қорғау мақсатында қолданылады", - деп мәлімдеді Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев Астанада өткен отырыс барысында.

Ол ішкі істер, денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму органдарына бұл мәселені жан-жақты қарастыруды ұсынды.

Исаев қоғамнан зорлықшыларды шеттету шараларының жеткіліксіз болып отырғанын айтты. "Жыл сайын түрмеден жүздеген зорлықшы шығады және олар бұрынғы әдеттеріне қайта оралмайды деген ешқандай кепіл жоқ. Біздің кейбір қызметкерлердің осы қылмыс түрінің қайталануына қатысты дәлелі өте төмен, назарға іліге алмайды, себебі бұл қылмыстардың беймәлімдігі аса жоғары (... ). Сондықтан оның себебін, психиканың патологиясын, садизмге бейімділігін анықтау үшін психологтық-психиатриялық сараптамалармен қамтамасыз ету керек, себебі жылда 100-ге дейін зорлықшы түрмеден шығады", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Ол мынадай мысал келтірді: Өскеменде зорлау әрекеті үшін 2000 жылы сотталып, 2005 жылы түрмеден босап шыққан азамат бірнеше айдан кейін сол қылмысты қайта жасаған. 10 жыл түрмеде отырып, ақпанда шыққан ол екі аптадан кейін бүлдіршінді зорлады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети