Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда педофилдерге кастрация жасаудың жаңа әдісі ұсынылды 29 мамыр 2023, 16:53

Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту ұсынылды. "Кейбір заңнамалық актілерге, қылмыстық-процестік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фотоколлаж Tengrinews.kz Фотоколлаж Tengrinews.kz

Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту ұсынылды. "Кейбір заңнамалық актілерге, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында сотталып, түрмеде отырған адам қоғамға қауіп төндірмейтін болғандықтан, химиялық кастрацияны бостандыққа шығар алдында бірден бастау керектігі ұсынылды.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаевтың айтуынша, кастрацияны қолдану әдісі өзгерген жоқ.

"Химиялық кастрация - ерлер гормондарының немесе андрогендердің деңгейін төмендетеді. Сотталған адамның мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотқа сот сараптамасын тағайындау туралы өтініш хат береді. Оның балаларға жыныстық құмарлығы бар-жоғын анықтау үшін психиатриялық сараптама тағайындалады. Егер сараптама мұны анықтаса, онда оның тұрғылықты жерінде химиялық кастрация жасалынады", - деді Аюбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram