Қазақстанда петицияларды қарауға жаңа шарттар енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда петицияларды қарауға жаңа шарттар енгізілуі мүмкін Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтардың петициясын қараудың ең төменгі шегі ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың петициясын қараудың ең төменгі шегі ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қоғамда петицияларды қарау шегін ұлғайту туралы мәселе көтеріліп жатыр, қазір ол - 50 мың қол.

"Бір-бірімен келіспейтін тараптар петицияны қарау үшін қолдар санын көбейту керек деген мәселелерді көтеріп жатыр. Біз, әрине, бұл ұсыныстарды қарастыруға мәжбүр боламыз. Біз қандай да бір сұрақтардың алауыздық тудыруына жол бермеуіміз керек. Сондықтан азаматтардың пікірін тыңдау маңызды. Соңғы апталарда өтініштерді қарау кезінде шекті ұлғайту керек деген мәселе көтеріліп жатыр", - деді Балаева Сенат кулуарында.

Айта кетейік, ережеге сәйкес, E-Petition.kz порталында жарияланған қазақстандықтардың петициялары 50 мыңнан кем емес қол жинауы керек. Осыдан кейін олар үкімет деңгейінде қарастырылады. Сайт жұмыс істеген кезден бастап төрт петиция 50 мың дауыс жинап үлгерді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети