Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркелді Фото: ©REUTERS

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty ("Комирнати") вакцинасын қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty ("Комирнати") вакцинасын қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Комирнати" вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

"Уақытша тіркеу куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысының хаттамасы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының 2021 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде берілді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда тіркелген коронавирусқа қарсы вакциналардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының келісімі бойынша 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланғанын айтты. Бұл ретте департамент мәліметінше, вакцинация әлі басталмаған. Нақты уақыты кейінірек хабарланады.

Вакцинаның бірінші дозасын салдырғаннан кейін 3 аптадан соң екінші дозасын алу ұсынылады.

Вакцинаға қарсы көрсетілімдер:

  • Белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аллергияның болуы;
  • ауыр науқас немесе жоғары температура инфекциясы;
  • қан ұюы, көгерудің пайда болуы немесе қан ұюдың алдын алуға қарсы дәрі-дәрмектердің қолданылуы;
  • АИТВ инфекциясы сияқты ауруға немесе иммундық жүйеге әсер ететін кортикостероид сияқты дәрі-дәрмектерге байланысты иммундық жүйенің әлсіреуі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда бірінші компонентті 6 669 969 адам, екінші компонентті 5 438 316 адам салғызған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети