Қазақстанда PlayStation мәселесі қалай шешіледі? Министрлік жауабы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда PlayStation мәселесі қалай шешіледі? Министрлік жауабы Фото:elements.envato.com

Қазақстанның Жапония мен АҚШ-тағы елшіліктері Sony компаниясының өкілдіктерімен қазақстандық қолданушыларға PlayStation Network кабинетіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша келіссөздер ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Жапония мен АҚШ-тағы елшіліктері Sony компаниясының өкілдіктерімен қазақстандық қолданушыларға PlayStation Network кабинетіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша келіссөздер ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, ведомство Қазақстанның Жапониядағы елшілігіне, сондай-ақ, АҚШ-тағы елшілігіне Sony Interactive Entertainment компаниясының өкілдерімен конференц-қоңырау ұйымдастыру туралы хаттар жолдаған.

Министрлік өкілдері қазақстандық қолданушыларға PlayStation Network кабинетіне және Sony ойындарының онлайн-дүкеніне кіру мүмкіндігін қайтару, сондай-ақ, осы дүкенде қазақстандық банк карталары арқылы төлем жасау мәселесін талқылағысы келеді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бүгінде Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Sony Interactive Entertainment (SIE LLC) компаниясымен кездесуді ұйымдастыру мәселесін шешіп жатыр. Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігі де Sony Interactive Entertainment (SIE Inc.) компаниясының өкілдерімен келіссөздер ұйымдастыру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрлік келіссөздердің қорытындылары туралы қосымша хабарлауға уәде береді.

Еске салайық, 2022 жылғы наурыздан бастап Ресей аумағында Sony Interactive Entertainment компаниясының жұмысы тоқтатылғаннан кейін қазақстандықтар өз аккаунттары арқылы PS Store дүкеніне кіру мүмкіндігінен айырылған еді. Себебі оларды Ресей арқылы тіркеген (Қазақстан PlayStation жүйесінде болмаған). Сонымен қатар, Sony ойын консольдерінің белсенді қолданушылары PlayStation қызметтеріне қол жеткізуді талап етіп, компанияға өтініштер жіберген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети