Қазақстанда президенттікке үміткерлерге қойылатын талап күшейтілмек

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда президенттікке үміткерлерге қойылатын талап күшейтілмек Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаттары сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізетін заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізетін заң жобасын қарауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, конституциялық заң жобасының негізгі мақсаты – бір кандидаттың Мәжіліс депутаты болу үшін бірнеше сайлау округінен қатар ұсынылуына тыйым салу. Сондай-ақ мәслихат пен Мәжілістің бірмандатты округтері бойынша сайлауға бір мезетте қатысуға шектеулер енгізіледі, әкімдерге кандидаттар үшін сайлау қоры құрылады. Сонымен қатар президент, депутат, әкім және Орталық сайлау комиссиясы мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі – олардың ауыр қылмыс үшін соттылығы болмауы тиіс.

"Қоса беріліп отырған заң жобасы сайлау өткізу тәртібін жетілдіруге және нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге бағытталған. Комитет жұмысқа қабылдауға дайын, қолдауларыңызды сұраймын", – деді Снежана Имашева Мәжілістің пленарлық отырысында.

Депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдауды қолдады. Енді Имашева жетекшілік ететін заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ол бойынша қорытынды дайындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети