12 желтоқсан 2022 12:48

Қазақстанда проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі күні проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Бір миллионнан аса адам өз міндеттемелерін өтей алмай отыр. Олардың көпшілігі ескісін жабу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы" Заң күшіне енеді", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент сондай-ақ субсидиялау мөлшерлемелерін саралауға икемді көзқарас қажеттігін айтты.

"Сонымен қатар, Ұлттық банктің ноталары бойынша банктердің табыстарына салық салу қайта қаралатын болады. Бұл оларға экономикаға тікелей әсер етпейтін жоғары кірісті қаржы құралдарына емес, нақты бизнес жобаларын несиелеуге инвестиция салуға қажетті ынталандыру береді.

Шамадан тыс несиелеудің "дәрежесін төмендету" керек. Өкінішке орай, бейсаналық тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, олардың белгілерін көріп отырғанымыз бірінші жыл емес", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети