01 қараша 2018 | 15:06

Қазақстанда психодиспансер мен наркодиспансерден алатын анықтама тегін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© press.kz © press.kz

Қазақстанда психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама алу тегін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезға қарсы ұйымнан анықтама алу тегін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне өзгерістер енгізілді. Бұрындары бұл үш анықтама ақылы түрде жасалатын. 

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл анықтамалар 2018 жылдың 2 қазанынан бері тегін беріледі. Осы уақыттан бері ақылы түрде анықтама алған қала тұрғындары өз ақшасын қайтара алады. 

"Бұл үшін анықтама берген мекемеге бару қажет", - деді қала прокуратурасының өкілдері. 

Құзырлы органның мәліметінше, осы уақытта мекеме заңсыз түрде 5 миллион теңге алған. Психоневрологиялық анықтама - 350 теңге, наркологиялық анықтама - 350 теңге және туберкулезға қарсы мекемеден анықтама алу - 220 теңге көлемінде алып келген деректер анықталды. 

"Жоғарыда атап көрсетілген мекемелер заңсыз түрде 8 күннің ішінде 5,4 миллион теңге табыс тапқан: туберкулезға қарсы күрес мекемесі - 406 анықтама (89 320 теңге), психоневрологиялық диспансер - 8048 анықтама (2 816 800 теңге), наркологиялық лиспансер - 7359 анықтама (2 575 650 теңге)", - делінген ведоство өкілдері. 

Прокуратура өкілдерінің әрекеті барысында ақылы түрде анықтама беру шарасы тоқтатылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети