Орталық сайлау комиссиясына республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтан өтініш түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясына республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топтан өтініш түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОСК мәліметінше, бастамашыл топтың өкілдері Н.У. Ысқалиев, А.К. Әбдіхалықова, М.Ж. Дәрібеков Орталық сайлау комиссиясының қарауына бастамашыл топты тіркеу үшін құжаттар пакетін және ол референдумға ұсынған мәселелерді енгізген.
"Бастамашыл топты тіркеу туралы өтінішпен бірге 62 адамды құрайтын референдум тағайындау туралы мәселе бойынша бастамашыл топты құру туралы жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі және деректері көрсетілмеген 2019 жылғы 10 қарашадағы жиналыстың хаттамасы ұсынылды", - делінген ОСК хабарламасында.
Сондай-ақ, республикалық референдумның бастамашыл тобы отырысының 10 қарашадағы хаттамасы, бастамашыл топ мүшелерінің деректері көрсетілген тізімі және референдумға ұсынған мәселелер енгізілді:
1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде пропорциялық жүйемен тең мөлшерде бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесін енгізуге келісесіз бе?";
2) "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелірінің санын қырық мың адамнан бір мыңға дейін азайтуға келісесіз бе?".
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл құжаттарды Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заң талаптарының сақталуы мәніне заңнамамен белгіленген мерзімде қарайды.