13 шілде 2021 | 18:00

Қазақстанда резервтегі әскери қызмет пайда болады: толық мәлімет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда келісімшарт негізінде резервтегі әскери қызмет құру жоспарланып отыр. Бұл ретте резервтегі қызметкерлер жалақысы сақталады. Қорғаныс министрлігі заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда келісімшарт негізінде резервтегі әскери қызмет құру жоспарланып отыр. Бұл ретте резервтегі қызметкерлер жалақысы сақталады. Қорғаныс министрлігі заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі "Кейбір заңнамалық актілерге резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі.

Ведомство мәліметі бойынша, Қазақстанда тұрақты негізде қазіргі заманғы тәуекелдер мен қатерлерге талдау жүргізіледі. Оларға қарулы қақтығыстар да, төтенше жағдайлар - апат, пандемия, экологиялық апаттар жатады. Заңға сәйкес, қауіп төнген кезде Қорғаныс министрлігі қарулы күштер мен резервті жұмысқа тартады.

"Халықаралық тәжірибеге сай қысқа мерзімде резервті жұмылдыру қажет болуы мүмкін. Ол үшін Қазақстанда резервтегі қызметті енгізу жоспарланып отыр. Бұл келісім қызмет ету, негізгі жұмысты қоса атқару, жалақыны сақтау, қосымша ақшалай қаражат төлеу және жеңілдіктер беруді көздейді", - деді ведомство өкілі.

Әскери қызметке сұранысқа ие мамандықтар бойынша жауаптылар әскери бөліммен үш жылға келісімшарт жасай алады. Осы мерзімде оларға ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде, ал жаттығу немесе қызметке тарту кезеңінде запастағы офицердің орташа жалақысы мөлшерінде ақы төленеді.

"Резервтегі әскерилерді даярлау жылына 60 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Оған оқу бағдарламасына сәйкес ұзақтығы бір айға дейінгі ай сайынғы екі күндік сабақтар мен жиындар немесе оқу-жаттығулар кіреді. Бұл ретте тапшы мамандықтар бойынша даярлауға ерекше назар аударылады", - деді Қорғаныс министрлігіндегілер.

Резервтегі қызметкерлерге әскери бөлімдерде сақталатын қару мен жауынгерлік техника бекітіледі. Әскери бөлімдер қызметкерлерді сабақ пен оқу-жаттығу уақытында нысанды киіммен, казармадағы орын және тамақпен қамтамасыз етеді.

Сабақтар мен оқу-жаттығуларда болу мерзімі әскери қызметте еңбек сіңірген жылдардың жалпы мерзіміне енетін болады.

Заң жобасын талқылауға мына сілтеме арқылы өтуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети