04 желтоқсан 2021 | 13:15

Қазақстанда рожки, ұн және құс еті нарығында баға өзара келісіммен көтерілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы өспеді, алайда рожки, ұн және құс еті нарығында бағаны сөз байласу арқылы өсірген жағдайлар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы өспеді, алайда рожки, ұн және құс еті нарығында бағаны сөз байласу арқылы өсірген жағдайлар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

"Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай және Алматы облыстарындағы рожки, ұн, құс еті нарығы субъектілерінің атына бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы 6 ескерту жіберді", - делінген сайтта.

Ақпарат бойынша, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 23 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 183 актісі жасалған.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету шараларын одан әрі орындауды тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларында бес айлық азық-түлік қорын қалыптастыру, азық-түлік өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу, сондай-ақ делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін жандандыру тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети