Қазақстанда сәбиін әжетханаға тастаған әйелдер бостандыққа шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысында нәрестесін әжетханаға тастаған әйел бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық мамандандырылған сәби үйінің бас дәрігері Зәуре Оторбаеваның айтуынша, безбүйрек ана тастанды қызының хал-жағдайын білуге барған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында нәрестесін әжетханаға тастаған әйел бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық мамандандырылған сәби үйінің бас дәрігері Зәуре Оторбаеваның айтуынша, безбүйрек ана тастанды қызының хал-жағдайын білуге барған.

"Өткен аптада сәбиге атасы мен әжесі келді. Шешесі де келді, ол бостандыққа шығыпты. Олар баланы көріп-қайтты. Анасы баланы қолына алып, қуанды. Кейін ата-әжесі кіріп, немересіне қарап бергеніміз үшін алғыс айтты. Қазір баланы әжесі асырап алғысы келеді", - деді Оторбаева.

"Кішкентай Қарлығаштың жағдайы жақсы, ол қалыпты дамып келеді. Сап-сау бала", - деді Оторбаева.


Қарлығаш Шакирова әжетханадан табылған.

Еске салайық, бұл оқиға 5 шілдеде Ақши ауылында болған. Жаңа туған нәрестесін әйел босанып, әжетханаға тастаған. Кейін 24 жастағы Алтынай Ақжолдтаева бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Осы уақыт бойынша кішкентай Қарлығаш Шакирова сәби үйінде болды.

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл облысында болған. Әжетханаға баласын тастағаны үшін бас бостандығынан айырылған әйел бостандыққа шығыпты. Бұл туралы "Үміт" сәби үйінің өкілдері хабарлады.

"Қыздың анасы рақымшылықпен босап шықты деп естідік, Ол қаңтардың соңында шығады екен. Баласын әжесі келіп қарап жүр. Анасы әзірше келмеді", - деді сәби үйіндегілер. Қызметкерлердің мәліметінше, сәбидің жағдайы жақсы. Ол бір жас бір айға толып отыр екен.


Жансая Мәжіғұлова 1,1 жаста.

Кішкентай Жансая Мәжіғұлова 2016 жылдың 3 қаңтарында Жамбыл облысындағы Абай ауылының маңындағы тасжолдың әжетханасынан табылған. Сәби екі метрлік тереңдікте бір сағаттай жатып қалған. Оны жүргізушілер тауып алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer