08 маусым 2016 | 11:45

Қазақстанда салафизм идеологиясына тыйым салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе. © Tengrinews.kz Ақтөбе. © Tengrinews.kz

Қазақстанда салафизм идеологиясына тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді "Аңсар" кеңес беру және оңалту орталығының директоры Асқар Сабдин айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда салафизм идеологиясына тыйым салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікірді "Аңсар" кеңес беру және оңалту орталығының директоры Асқар Сабдин айтты.

"Мемлекет салафизм иделогиясына тыйым салу туралы шешім қабылдау керек деп ойлаймын", - деді ол.

"Ақтөбедегі жағдай радикализммен уланған жастардың әрекетінен болды. Бұл Таяу Шығыстағы терроризмнің идеологтарының насихатының салдары болуы мүмкін. Анығын тергеу көрсетеді. Ақтөбедегі теракт тиісті құқықтық шараларды қабылдауды талап етеді. Егер біз терроризмнің салдарымен ғана емес, себебімен де күресу керек деп ойласақ, салафизм идеологиясына саяси түрде тыйым салу керек деп ойлаймын", - деді Сабдин.

"Елімізде 600-ден аса лаңкес сотталған, оның көбі өзін салафитпін деп таныстырады. Тергеу барысында Ақтөбеде теракт жасағандардың ең алдымен салафит екендері, содан кейін ғана ДАИШ жақтаушылары екені анықталады деп ойлаймын. Бізде Таблиғи жамағат ұйымының әрекетіне тыйым салынған, ал олардың құқық бұзушылық әрекеттері өзін салафизм ұстанушысымын деп таныстыратындардың қасында аз", - деді ол.

"Біз лаңкестердің қылмысын қатаң сынаймыз. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамыз. Париждегі, Ыстамбұл мен Бельгиядағы және басқа да террорлық актілер бұл мәселеге алаңдамайтын елдің жоқ екенін көрсетті. Бастысы - бұл оқиғаның 2011-2012 жылдардағыдай қайталанып кетуіне жол бермеу және оқиғаны мұқият сараптау", - деді Сабдин.

Айта кетейік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт болып, 17 қылмыскер өлтірілді, 7 адамға іздеу жарияланды. 8 адам ұсталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети