Қазақстанда салық борышкерлеріне қандай қауіп бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда салық борышкерлеріне қандай қауіп бар? Midjourney

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің салық төлемеген борышкерлердің тізімін жариялау туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің салық төлемеген борышкерлердің тізімін жариялау туралы ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексіне сәйкес, бұл ақпарат салық құпиясына жатпайды.

"Біз салық төлемей жүрген борышкерлердің тізімін жариялайтын боламыз. Бүгін Салық кодексін таныстырған кезде салық берешектерін өндіру шараларын көздейтінімізді айтқан едік, есепшоттарды бұғаттау мәселелері де қозғалды. Бұрын зейнетақы немесе әлеуметтік төлемдер бойынша 100 теңге берешек болса да, шоттар бұғатталатын. Қазір салықтар бойынша шекті мөлшерді 20 АЕК және одан жоғары, шамамен 80 мың теңге көлемінде қайта қарадық, оған дейін тек хабарлама жіберіледі, онда берешек бар екені және оған өсімпұл есептелетіні жазылады", – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қолданылатын санкциялар салық берешегінің мөлшеріне байланысты болады.

"Келесі қадам – 20-дан 45 АЕК-ке дейін, яғни 180 мың теңгеге дейін, бұл жағдайда банкке инкассалық өкім жіберіледі, салықты төлеу қажет болады. Егер бұл сома төленбесе, мүлікті түгендеу және жүзеге асыру процесі басталады. Санкциялар салық көлеміне қарай қолданылады. Аз мөлшердегі берешек үшін банктік шоттар бұғатталмайды", – деп қорытындылады Біржанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети