Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сауда орталықтарына жалдау ақысын көтеруге тыйым салынады Фото:depositphotos.com/ urf

Қазақстанда барлық сауда нысандарында жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда барлық сауда нысандарында жалдау ақысын жылына бір реттен жиі көтеруге тыйым салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ірі сауда нысандары мен базарлар үшін жалдау ақысын қайта қарау жылына бір реттен жиі болмауы жөнінде шектеу қойылған. Бүгін бұл нормаларды барлық сауда нысандарына таратуға мүмкіндік беретін түзетулер дайындадық", – деді министр.

Ведомство мәліметінше, түзетулер ережелерге енгізілген және Әділет министрлігінде келісу мен тіркеу сатысында тұр. Жаңа ережелердің енгізілу мерзімі туралы министрлік кейінірек хабарлайтыны айтылды.

Болашақта, егер сауда нысандарында жалдау ақысы жылына бір реттен жиі көтерілсе, жалға алушылар Сауда және интеграция министрлігіне шағымдануға құқылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети