10 қаңтар 2021 21:10

Қазақстанда сайлау кезінде 10 бақылаушы учаскеден шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру кезінде 10 бақылаушы сайлау учаскелерінен шығарылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Комиссиялар дауыстарды санауды бастады. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтаудан басқа, олар бюллетеньдер мен хаттамаларды аудандық және облыстық комиссияларға жеткізген кезде олардың сақталуын қамтамасыз етуге қатысады.

Сайлау кезеңінде елеулі құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ. Кішігірім оқиғаларды қоспағанда. Мысалы, әртүрлі қалалардағы комиссия төрағаларының актілері бойынша санитарлық шектеулерді бұзғаны, комиссия жұмысына кедергі келтіргені, сайлау учаскелерінде болу ережелерін сақтамағаны үшін 10 бақылаушы мәжбүрлі түрде шығарылды", - деді ІІМ басшысының орынбасары ОКҚ брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети