20 наурыз 2016 | 17:31

Қазақстанда сайлаушылардың 71,78 пайызы дауыс беріп үлгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда дауыс бергендердің саны Астана уақыты бойынша сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 71,78 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК кеңсесінен.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда дауыс бергендердің саны Астана уақыты бойынша сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 71,78 пайызға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК кеңсесінен.

ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова сайлаушыларға қатысты мәліметтерді жария етті. Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылар тізіміне іліккен сайлаушылардың жалпы санының 71,78 пайызы бюллетень алды.

Астанада сайлаушылардың - 69,83 пайызы, Алматыда 29,12 пайызы дауыс берді. Ақмола облысында - 76,11, Ақтөбе облысында - 72,17, Алматы облысында - 89,88, Атырау өңірінде - 80,41, ШҚО - 77,13, Жамбыл облысында - 76,28, БҚО - 68,52, Қарағанды облысы - 70,92, Қостанай облысы - 78,23 және Қызылорда облысы - 77,53, Маңғыстау облысы - 69,6, Павлодар облысы - 68,76, СҚО - 76,41 және ОҚО-да 80,92 пайыз сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы екі сағат сайын дауыс берушілердің санына қатысты мәліметтерді жариялап отырады. Дауыс бергендердің жалпы санына қатысты алдын ала мәліметтер түн ортасында жариялануы тиіс. Осы кезде exit poll мәліметтері жария болады. Сайлаудың алдын ала нәтижесі 21 наурызда белгілі болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети