Қазақстанда сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес орталықтарын құру ұсынылды. Алматылық адвокат Жанна Оразбахова онлайн-қабылдау барысында ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевқа осындай ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес орталықтарын құру ұсынылды. Алматылық адвокат Жанна Оразбахова онлайн-қабылдау барысында ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевқа осындай ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері халықпен 12,7 мыңнан астам кездесу өткізді. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды тұрақты негізде өзі қабылдайды.
"Nur Otan" партиясы алаңындағы соңғы онлайн-кездесу кезінде министр 30 адамды қабылдады. Барлық өтініш бойынша Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметтерінің басшыларына нақты түсініктемелер мен тапсырмалар берді.
Онлайн-қабылдау кезінде алматылық адвокат Жанна Оразбахова сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы орталықтар құруды ұсынды. Құқық қорғаушы ретінде ол министрдің әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеуші әйелдер тергейтіні туралы бастамасын оң бағалады. Жаннаның айтуынша, бұл орталықтарда зардап шеккендерге көмек бір терезе қағидаты бойынша көрсетіледі, полиция жауап алып, дәрігерлер тексеру жүргізеді, ал психологтар қажетті көмек көрсетеді. Ерлан Тұрғымбаев идеяның қызықты екенін атап өтіп, жобамен жеке танысуға уәде берді.
"Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтарын енгізіп жатыр. Осындай ашық диалог аясында 360 мыңнан астам кеңес беріліп, 205 мың өтініш қаралды. Бұл сандар азаматтардың полицейлерден уақытында пайдалы ақпарат алу мүмкіндігін көрсетеді. Біз халықпен кері байланысты нығайтып, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайтын боламыз", - деп қорытындылады министр Ерлан Тұрғымбаев.
ІІМ және өңірлердегі Полиция департаменттерінің басшылары апта сайын тұрғындарды қабылдайды. Қабылдау кестесі сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!