Жаңа Қылмыстық кодекс жобасы бойынша Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақыру әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жаңа Қылмыстық кодекс жобасы бойынша Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақыру әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қылмыстық кодекс жобасына сепаратистік әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын жаңа бап енгізіледі. Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын заңсыз, конституциялық емес өзгертуге шақыру қылмыстық жолмен жазаланатын әрекет, дезинтеграция болып саналады", - деді ҚР Бас прокуратурасы департаменті басқармасының бастығы Арман Аяғанова.
"Бап ауыр қылмысқа жатады және оның бірінші бөлімі бойынша ең жоғарғы жаза - жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Егер бұл әрекетті тұлға қызмет бабын пайдаланып жасайтын болса, онда оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін", - деді ол.
Аяғанованың айтуынша, интернет бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілгендіктен бұл бап сепаратистік үгіт материалдарына және бұқаралық үндеулерге қатысты да қолданылады.