Қазақстанда Сеул - Астана - Сеул жаңа әуе рейсі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда Сеул - Астана - Сеул жаңа әуе рейсі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл тамызда Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines әуе компаниясы Қазақстан мен Корея астаналары Астана мен Сеул арасында тұрақты рейс ашады, оның жиілігі - аптасына бір рет. Қатынас Airbus 330 әуе кемесімен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында жүзеге асты, кездесу биыл 26-27 ақпанында өткен болатын. Қорытынды бойынша, екі ел арасында рейстерді кеңейту туралы меморандумға қол қойылды. Астаналар арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 2 рейске дейін жетеді. Елдер арасында аптасына 6 рейс болмақ.