Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қазақстанда сыртқы қарыздарды қисынсыз тарту және пайдалану бойынша жеке жауапкершілік енгізу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қазақстанда сыртқы қарыздарды қисынсыз тарту және пайдалану бойынша жеке жауапкершілік енгізу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Годунованың айтуынша, мұнай-газ секторына тәуелділік төлем балансы мен ұлттық валютаның тұрақтылығына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті, әсіресе өнеркәсіпті қолдауға айтарлықтай күш салу керегін айтты.
"Мемлекеттік қарыздың өсуі елдегі макроэкономикалық тұрақтылық тәуекелдерін тудырады. Қабылданған борыштық міндеттемелер бойынша: қашан, қандай көздерден және қандай көлемде борышты өтеу жоспарланғанын және бір-үш жылға емес, кем дегенде 10 жылға нақты қалыптасқан ниет болғанын қалар едік. Бұл жерде айқындық пен ашықтық қажет", - деді Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Сондай-ақ, Наталья Годунова елімізде мемлекеттік органдардың осы қызметін іске асыру, халықаралық консультанттарды тарту және шетелдік тәжірибені зерделеу үшін қаржыландыруды сырттан тарту тәжірибесін алып тастау қажет екенін айтты. "Осы міндеттерді іске асыру үшін қаржылық және адами ресурстарымыз жеткілікті", - деді есеп комитетінің басшысы.
"Сырттан қарыздарды ұтымсыз тартқаны және пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды уақтылы игермегені, кейде олардың күшін жойғаны үшін жеке жауапкершілік енгізу талап етіледі. Бұл туралы депутаттар да айтты", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!