Қазақстанда шеруге шығуға рұқсат беріледі - Тоқаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізуге болатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етті. Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам қауіпсіздігіне "шығын келтірмеген" шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингіге шыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын айтты. 

"Саяси мақсатым - жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі", - деді Қазақстан Президенті. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда рұқсат берілген митингілерге шығуға мүмкіндік жасайтын заң қабылданатынын айтты. 

"Әрине, заңсыз болғанның бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшедегі осындай митингілердің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті, себебі олар оған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі жасайды. Сондықтан, жаңа заң қабылданады, енді демонстрацияға шығып, өз пікірін білдіргісі келген халық тиісті органға жүгінеді, оларға өз пікірін білдіру үшін арнайы жер беріледі", - деді Президент. 

Сонымен қатар, Тоқаев ЕҚЫҰ-ның соңғы президенттік сайлау жайлы баяндамасында айтылған сынға қатысты пікірін білдірді: 

"Ашық сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалды. Кей учаскелерде заңбұзушылықтар болуы мүмкін. Әрине, толыққанды сараптама жасаймыз, егер заң бұзылғаны анықталса, қажетті шаралар қолданылады".

Айта кетейік, 9-12 маусым арасында елімізде рұқсат етілмеген митингілер өткен болатын. Заңсыз акцияға қатысып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны - 670, айыппұлға - 115 және 172 адамға ескерту жасалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer