Қазақстанда шетелден көлік әкелуге шектеу болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шетелден көлік әкелуге шектеу болмайды Фото: elements.envato.com

Заңнаманы бұзбай әкелінген шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты шектеу салынбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңнаманы бұзбай әкелінген шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты шектеу салынбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше бірқатар БАҚ-та жақын шетелден Қазақстанға автокөлік әкелуді шектеу туралы жаңалық жарияланды. Осыған байланысты премьер-министрдің баспасөз қызметі түсініктеме берген жөн деп санайды", - делінген хабарламада. 

Бүгінде шетелдік көлік құралдарын заңнаманы бұзып, елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған және т.б. автомобильдерді пайдалану деректері анықталып жатыр.

"Мәселен, былтыр ғана басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан аса автомобильдің банк тарапынан және заң бойынша шектеулер болғаны анықталды. Сонымен қатар, 600-ден аса көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты", - деп деректер келтірді баспасөз қызметі өкілдері.

Осыған байланысты Қазақстанға "проблемалық" автокөліктің әкелінуін алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірленіп жатыр.

"Онда мұндай автомобильдер бойынша бақылауды күшейту тетіктері, тіпті оларды елге әкелуді шектеуге дейін көзделетін болады. Бұл ретте аталған шаралар Қазақстан Республикасының аумағына заңнаманы бұзбай әкелінген және пайдаланылатын шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты қолданылмайды", - деді премьер-министрдің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети