Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу қанша тұрады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу үшін қанша ақша керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу үшін қанша ақша керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұраталиевтің айтуынша, шетелдік көліктерді тіркеу құны 500 000 теңгеден 4 миллион теңгеге дейін барады.

"Тіркеу сомасы көліктің қашан, қай жылы шыққаны, қай елден әкелінгеніне байланысты. Сондай-ақ, шетелден әкелінген көлік кеден тексерісінен өтуі керек. Бірақ стандартқа сәйкес емес көліктерді тіркеу мүмкін болмады. Мысалы, көлікте қауіпсіздік жастығы болмаса, ол тіркелмейді. Ондай көліктерді бөлшектеп сатуға болады", - деді қалалық Әкімшілік полиция басқармасы басшысы Жандос Мұраталиев.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек?

Таяуда Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасаған болатын. Министрлік шетелде есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған еді. Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер күн сайын көбейіп барады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік жеткізілген. Армения және Қырғызстан автомобильдеріне қатысты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында оларды пайдалану бойынша қатаң шектеулер бар екенін айта кету керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer