Қазақстанда шетелдіктер үшін көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстанда шетелдіктер үшін көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, шетелдік компаниялардың филиалдары мен өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік азаматтардың қатысуымен заңды тұлғаларға, шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға тиесілі көлік құралдарын тіркеуді оңтайландыру, сондай-ақ, оларға жүргізуші куәліктерін беру мақсатында "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар 2018 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді.
"Мәселен, осы санаттағы жол жүрісіне қатысушылар үшін көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу үшін қажетті құжаттар тізімінен дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымның (Қазақстан Республикасы ІІМ "Астана ДКҚКБ" АҚ) жолдамасы алып тасталды.
Осылайша, көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу үшін жол қозғалысының шетелдік қатысушылары ТЕБ-ке немесе Мамандандырылған ХҚКО-ға Қазақстан Республикасының жеке (заңды) тұлғалары ұсынатын құжатты ұсынады", - деп хабарлады Комитет өкілдері.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі автомобиль жүргізушілеріне қатысты өзгерістер жайлы еске салған болатын.