20 қараша 2014 20:04

Қазақстанда Швейцария сағаттары шығарыла бастауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Швейцария сағаттары шығарыла бастауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының президенті Дидье Буркхальтер кездесті.


Қазақстанда Швейцария сағаттары шығарыла бастауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының президенті Дидье Буркхальтер кездесті.

"Қазіргі еліміздің индустриялық саясатын жүргізіп жатқан жағдайларда, біз Швейцария машина жасау, фармацевтика, химия, сағат жасап шығару және басқа да салаларда біздің елге, біздің инфрақұрылымдық жобаларымызға көмектеседі деп ойлаймыз", - деді Қазақстан Президенті кездесуден кейін журналистерге.

Ол қазіргі уақытта Қазақстан және Швейцарияның 40-тан астам бірлескен кәсіпорны жұмыс істейтіндігін айтты. Бүгінгі кездесу өзара қарым-қатынас белсенділігін атыруға мүмкіндік беретіндігіне сенім бідірді.

Мемлекет басшысы сонымен қатар "Швейцария – Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық серіктесі", - деп атап өтті. Швейцарияның біздің елге салған инвестициясы 12 миллиард долларға жуық. Сауда 4,5 миллиард долларды құрайды.

Дәл қазіргі уақытта Швейцария президенті - ЕҚЫҰ төрағасы. Елбасы бұл ұйымдағы Швейцарияның төрағалығы қиын-қыстау кезеңге тап келгендігін де атап өтті. "Бұл – Украина дағдарысы, ЕҚЫҰ аумағында болып жатқан басқа да мәселелер. Біз 2010 жылы төрағалық еттік, бұл тұрғыда тәжірибеміз болды, арнайы астаналық декларация қабылданды, онда біз өз пікірімізді білдірдік. Біздің тәжірибеміз қолданылады деп үміттенеміз", - деді Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықаралық тұрғыда тараптар біз көзқарасты ұстанатындықтарын білдірді. "Екі жақтың да Украина дағдарысы мәселесін, осы елде бейбітшілік пен тыныштық орнауын тезірек шешкілері келетін ниеттері бар", - деді Назарбаев.

Дидье Буркхальтер өз кезегінде, бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары және Орталық Азия сапары барысындағы алғаш рет келуі екенін айтты. Ол Орталық Азия, әсіресе Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпірде өте маңызды роль атқаратындығын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети