Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады? Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда соңғы қоңырау өтетін күн өзгергені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда соңғы қоңырау өтетін күн өзгергені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 34 аптаға созылып, аяқталуға жақын. Ведомствоның статистикасы бойынша, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды.

Олардың ішінде 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы үшін бұл мектеппен қоштасу күні болады.

"Өткен жылғыдай, 23 мамыр – соңғы оқу күнінде еліміздегі барлық мектепте "Білімім – Отанымa" ұранымен бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл – бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды іс-шара. Ол оқушылар мен мұғалімдерге бірлескен жұмыстың қорытындысын шығаруға, бір-біріне алғыс айтуға, аяқталып жатқан оқу жылының ең маңызды сәттерін еске алуға мүмкіндік береді.

Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 23 немесе 24 мамырда өтеді", – деп хабарлады ведомство тілшіге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети