14 шілде 2020 | 17:46

Қазақстанда сотталғандар 2 миллионға жуық жеке қорғаныш құралдарын тікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі Фото: ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстандық түзеу мекемелерінде 2 миллионға жуық жеке қорғаныш құралдары дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық түзеу мекемелерінде 2 миллионға жуық жеке қорғаныш құралдары дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың күшімен 1 миллион 800 мың бетперде, 19 мыңға жуық бірнеше рет қолдануға жарайтын және 40 мыңнан аса бір рет қолдануға арналған қорғаныш костюмдері, 3 500-дей қорғаныш экрандары дайындалған. "Еңбектің" кәсіпорындарында жасалған 70 "дезинфекциялық тоннел" жергілікті медициналық ұйымдар мен атқарушы органдардың ғимараттарына қойылды.

"Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жеке қорғаныш құралдарын тігу бойынша өндірістердің қызметтері белсенді түрде ұйымдастырылды. Ол үшін ҚАЖ мекемелерінің аумағындағы өндіріс цехтары қорғаныс бетперделерін, экрандар, костюмдер және "дезинфекциялық тоннелдер" жасауға бағытталды", - делінген хабарламада.

Өнімдердің жаңа түрі қысқа мерзімде қылмыстық-атқару жүйесінің 40 мекемесінде "Еңбек" республикалық мемлекеттік мекемесі мен оның өңірлердегі 16 филиалы, сондай-ақ жеке кәсіпкерліктер жүзеге асырылған. Осының нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, мыңдаған сотталған жұмыспен қамтылған.

Ведомстводағылар эпидемиологиялық жағдай кезінде сотталғандардың коронавирус індетімен күресуде өз үлесін қосуға мүмкіндік пайда болғанын атап өтті. Жазасын өтеушілердің қолымен жасалған өнімдер бірінші кезекте вирустың алғашқы күндерінен-ақ блок-посттарда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне жолданды.

"Біртіндеп осы қарқынмен ішкі істер органдарының жеке құрамы және өзге де ұйымдары көпреттік бетперделермен және костюмдермен қамтылды. Өндірістің арқасында сотталғандар жалақы және сыйақылар алды, сондай-ақ өздері тіккен бетперделерді отбасына жіберді", - деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Қазір ішкі істер органдарының қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылады. Тапсырыстар түсуіне қарай іске асырылып жатыр. Қабылданған карантин шараларына байланысты қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне көшті. Сотталғандардың туыстарымен кездесулер, өзге де мәдени-қоғамдық іс-шалалар тоқтатылды. Оның орнына видео арқылы сұхбаттасады және телефон арқылы сөйлеседі. ҚАЖ мекемелеріндегі барлық дезинфекциялық шара ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес іске асырылып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети