Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда сотталғандардың жаңа бірыңғай киім үлгісі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сотталғандардың жаңа бірыңғай киім үлгісі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған.

Сотталғандардың жазғы киім нысаны: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

  • сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін - сұр түсті;
  • сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін - жасыл түсті;
  • тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін - қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар - қоңыр түсті. Бас киім - су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін - үшкіл орамал).

Сотталғандардың қысқы киім нысаны: Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

  • сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін - сұр түсті;
  •  сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін - жасыл түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар - қоңыр түсті. Бас киім - иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети