Қазақстанда сотталғандармен кездесуге рұқсат беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сотталғандармен кездесуге рұқсат беріледі Фото: Тұрар Қазанғапов

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде колониядағы сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде колониядағы сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күн карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады.

"Бұл мекемелерде кездесудің қайта берілу дайындығына баға беретін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп атқарылып жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің әлі де барын ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесулер бір ғана ересек адамға, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда беріледі және анализ нәтижесінің берілген мерзімнен бастап 5 күннен аспауы тиіс. Бұл ретте қысқа мерзімді кездесулер барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараны сақтай отырып, әдеттегідей тәртіпте беріледі", - дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.

Бұл шаралар сотталғандардың ауруды жұқтырмауы үшін және колонияларда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында қабылданып жатыр.

Еске салайық, кездесулер тоқтатылған уақытта телефон және бейнебайланыс арқылы сөйлесулерге жағдайлар жасалған. Осы уақыт аралығында сотталғандарға 18 мың бейнебайланыс, 350 мыңға жуық телефонмен және ұзақтығы 15 минут бейне арқылы сөйлесуге берілсе, 5 мыңдай адам ұзақтығы 2 сағаттан бейнекездесулерге мүмкіндік алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети