06 қыркүйек 2016 | 12:23

Қазақстанда сотты болғаны жайлы анықтаманы алып тастау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Орта Азиядағы PRI © Орта Азиядағы PRI

Қазақстанда сотты болғаны жайлы анықтаманы алып тастау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сотты болғаны жайлы анықтаманы алып тастау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта түрмеден шыққан сотталушыларда біраз қиындықтар туып жатыр. Мысалы, сотталушылар оларда сотты болғаны жайлы анықтама болғаны үшін жұмысқа тұра алмайды. Бұл мәселені біз бірнеше рет көтерген болатынбыз, бірақ, өкінішке қарай, бұл мәселе әлі де өз шешімін таппады", - деді Астанада өткен дөңгелек үстел барысында Орта Азиядағы PRI директоры Азамат Шамбылов. Айта кетейік, дөңгелек үстел барысында түрмеден шыққан азаматтарды сауықтыруға бағытталған кешенді жоба таныстырылды.

Азамат Шамбыловтың айтуынша, азаматтардан сотты болғаны жайлы анықтаманы сұраудың еш қажеті жоқ. Ол мысал ретінде Грузия елін де айтып өтті. Грузияда мұндай анықтамалар бұрыннан бері қолданыстан алынып тасталған екен.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары Мейрам Аюбаев та осы ұсынысты қолдайтынын айтып өтті.

"Бұл мәселе стратегияда көрсетілген, біз оны шешеміз. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз, енді мұны қалай жүзеге асыратынымызды ойластырамыз", - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети