Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын тіркеді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын тіркеді. Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры "Спутник Лайт" коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тіркегенін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасының тиімділігі алғаннан кейін 28-ші күнінен бастап 79,4 пайыз болған. Тиімділікті есептеу жаппай вакцинация бағдарламасы аясында бір ғана екпе алған және 2020 жылғы 5 желтоқсан мен 2021 жылғы 5 сәуір аралығында екінші екпені алмаған ресейліктердің деректері негізінде жүргізілген. Ресейдің тікелей инвестициялар қоры тиімділік көрсеткіші екі компонентті қажет ететін көп вакцинаның тиімділгіне қарағанда 80 пайызға жуық екенін айтты.
"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда сәтті қолданылып жатыр. "Спутник Лайт" препаратын тіркеу елді коронавирусқа қарсы тағы бір жоғары тиімді және қауіпсіз вакцинамен қамтамасыз етеді. "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасы халықты вакцинациялау мерзімін қысқартады және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды жеделдетеді", - деді қор басшысы Кирилл Дмитриев.
Ақпанда Қазақстан екі компонентті "Спутник V" вакцинасын тіркеді және оны Қарағанды фармацевтикалық кешенінде Ресейдің тікелей инвестициялар қоры және Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан технологиялық трансфердің қолдауымен ұйымдастырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!