18 мамыр 2022 | 11:30

Қазақстанда "стелс-омикронға" байланысты карантин жариялана ма?

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният "Коронавирустың жаңа "стелс-омикрон" штамына байланысты Қазақстанда карантин жариялана ма" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният "Коронавирустың жаңа "стелс-омикрон" штамына байланысты Қазақстанда карантин жариялана ма" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 12 аймақта коронавирустың "омикрон-штамының" бір түрі табылғанын еске салды.

"Бұл - "стелс-омикрон". Коронавирус инфекциясының бұл түрі "дельтаға" қарағанда жеңілірек өтеді. Бірақ оның қаупі - тез таралады, қайта ауруға әкеледі. Сондықтан бүгін біз штамм бүкіл ел бойынша тарап жатқанын көріп отырмыз", - деді министр ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Министр ауруға мониторинг күн сайын жүргізілетінін айтты.

"Симптомдармен келген барлық науқас толық көлемде ем алып жатыр. Аурудың мұндай ағымында қандай да бір карантин шаралары болады деп күтпейміз. Барлық карантин шаралары алып тасталғанын көріп отырғаныңыздай. Қазір негізінен, халық арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр", - деп қорытындылады Ғиният.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "стелс-омикрон" штамы табылғаны туралы 13 мамырда хабарлаған еді. Қазір ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүріп жатыр, оны мамырдың соңына дейін аяқтауға уәде беріледі.

Оған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная