04 ақпан 2022 13:24

ДДСҰ омикронның жаңа түрінің таралуы туралы ескертті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының африкалық аға вирусологы Никси Гумеде-Моэлетси "жасырын омикрон" деп аталатын омикрон штамының жаңа түрі Африканың 5 елінде тіркелгенін, оны қолданыстағы сынақтарды қолдану арқылы анықтау өте қиын екенін айтты.

"Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттің Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка секілді 5 елінде анықталды. Бұл бізді қатты алаңдатады", - деді вирусолог.

Ол қолда бар сынақтар коронавирустың жаңа штамын анықтай алмайтынын, соған байланысты ДДСҰ дүниежүзіндегі бірнеше зертханалармен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

Әзірге ДДСҰ сарапшылары Африкада табылған вирус нұсқасының қаншалықты патогенді екенін айта алмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети