Қазақстанда су мәселесіне қатысты штабтар құрылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда су мәселесіне қатысты штабтар құрылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда су мәселесіне қатысты штабтар құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда су мәселесіне қатысты штабтар құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Еліміздің, сондай-ақ, суды тұтыну мөлшері 97% болатын оңтүстік өңірлердің ахуалы талқыланды. Ауыл шаруашылығында егінді қазіргі жағдайға бейімдеу және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша "Қазсушар" РМК филиалдары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су беру жұмыстарын ұйымдастырған. Бүгінде 22,5 мың келісімшарт жасалған.

"Талқылау барысында Шу, Талас және Сырдария өзендеріндегі жағдай, суды бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Су үнемдеу мақсатында елімізде егін суына арналған субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді. Сонымен қатар, суды заңсыз пайдаланумен күресу және су ұрлау деректерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Премьер-министр жауапты органдарға нақты тапсырма берді.

"Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен фермерлер бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен вегетациялық кезеңде су қаупін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырамын. Суды заңсыз пайдалануды бақылауды күшейту және заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жандандыру маңызды", - деді Бектенов.

Су ресурстары және ирригация министрлігіне көршілес елдермен трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты нығайту, су беру лимиттерін бақылауды күшейту және жедел әрекет ету, құрылыстарға жөндеу жүргізу тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети