15 сәуір 2014 | 19:22

Қазақстанда су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews.kz Иллюстрация tengrinews.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014-2040 жылдар аралығындағы қаржыландырудың бағаланған есептік мөлшері 8,2 трлн теңгені құрайды. Оның 5,4 трлн теңгесі республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінсе, қалған 2,8 трлн теңге бюджеттен тыс көздерден тартылмақ.

Мемлекеттік бағдарлама ұсынған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде елімізде жылына 9,5 текше километр су үнемделуін күтуге болады. Олардың алғашқы 2,6 текше километрі (немесе 2040 жылға болжамдалған су тапшылығының 21%) су тарифтерін өсірмей, өзін-өзі ақтайтын шараларды жүргізу арқылы үнемделмек. Тиісінше, өзін-өзі ақтайтын шаралар су тарифтерін өсірумен қатар жүргізілген жағдайда, үнемделген су мөлшерінің де ұлғаюына себеп болады.

Қарастырылған шаралардың іске асырылуы нәтижесінде 2020 жылға қарай Жалпы ішкі өнімнің бірлігіне жұмсалған су 2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 33 пайызға азаяды. Бұл қабылданған мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторларының бірі.

Бағдарламаның сараптамалық бөлімінде еліміздің су қауіпсіздігі үшін негізгі қауіптер белгіленіп отыр. Климаттың өзгеруі, көршілес елдердің трансшекаралық суларды алуын ұлғайтуы, суды тиімсіз пайдалану (су ысырабының көрсеткіштері 50-60% жетеді) салдары түзелмей, жағдай жағымсыз сценарий бойынша өрбісе, 2040 жылға қарай Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше километрді құрайды. Сондықтан да, әлемнің 30 дамыған елі қатарына қосылу стратегиялық мақсатын ұстанған Қазақстан су ресурстарын басқарудағы мемлекеттік саясатты жүргізудің жаңа тәсіліне көшеді.

Мемлекеттік бағдарлама су ресурстарын ұтымды пайдалануды ынталандыру механизмін іске қосады. Мысал үшін, ауыл шаруашылығы саласында су тұтыну мөлшерін азайту үшін өсірілетін дақылдар құрамы өзгертіліп, ауыл шаруашылығы алқаптары мен суландыру инфрақұрылымының жағдайы, қолданыстағы суару тәсілдері, ауыл шаруашылығын жүргізу практикалары зерттелмек. Сонымен қатар инфрақұрылым қалпына келтіріліп, жер өңдеу мен суарудың заманауи технологиялары енгізіледі.

Бағдарламада трансшекаралық өзендер суының әділетті негізде бөлінуіне бағытталған шараларды іске асыру қарастырылған. Бұл шаралар қатарында келіссөз жүргізетін топтарды күшейту, болжамдар құрастыру, келіссөздер жүргізу стратегиясын дайындау, трансшекаралық сулардың мониторингі инфрақұрылымын құру, трансшекаралық сулар бойынша келісімдерді бекіту жұмыстары бар.

Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі су ресурстары жөніндегі алғашқы бағдарлы құжат екендігін атап өту қажет. Бұған дейін қабылданған "Ауыз су" және "Ақ бұлақ" салалық бағдарламаларында сумен қамтамасыз етудің тек бір тармағы – ауыз сумен қамсыздандыру мәселелерін қарастырған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети