16 сәуір 2024 | 12:15

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған пилоттық жоба іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмекке жүгіну бойынша пилоттық жоба іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмекке жүгіну бойынша пилоттық жоба іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте "Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама" қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банк шоты, байланыс телефонын, оқиғаның мекен-жайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

"Әлеуметтік көмек" автоматты ақпараттық жүйесі арқылы оқиға болған ауданның жергілікті атқарушы органдарына өтініш беріледі, қаралған өтініштер негізінде зардап шеккен мүліктің орнында бағалау жүргізіліп, қажетті қолдау көрсетіледі.

Бағалау мониторингі фото-бейне, сондай-ақ FSM Social арнайы мобильді қосымшасы арқылы гео-жазбаны қолдану арқылы тіркеледі", - деді министрлік өкілдері.

Бұл механизм барлық ақпаратты цифрландыру арқылы төтенше жағдайларда көмек көрсету үдерісін толық бақылауға мүмкіндік береді деп күтіледі. Ведомство тек ресми eGov Mobile қосымшасын пайдаланудың маңыздылығын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети