Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан келген шығынның көлемі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей мен Беларусь құқық қорғау органдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтті.

"Сыбайлас жемқорлық мәселесінің шиеленісуі төмендейтін емес. Бұл экономикалық даму дамикасына, әлеуметтік саладағы жағдайларға, халықтың өмір сүру сапасына әсер етіп отыр. (...) Биыл Қазақстанда 3088 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Өсім 49 пайызға тең болып отыр. Қылмыс саны жыл сайын өсіп барады. Бұл қылмыстық істер бойынша, жалпы шығынның көлемі сегіз миллиард теңгеден асты, олардың жартысынан көбі мемлекет кірісі есебіне қайтарылды. Биыл 10 айдың ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған мыңнан аса адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады отырыс барысында Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев.
Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, енді еліміздегі шенеуніктердің кірісі ғана емес, шығыны да жарияланатынын мәлімдеді.