Қазақстанда табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өсті Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 пайыз үстемеақы қосылады. ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген", - делінген хабарламада.

Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдар қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

"Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Жалпы, осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі", - делінген хабарламада.

Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети