15 мамыр 2020 14:40

Қазақстанда тағы 24 анықтаманы алып тастау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда тағы 24 анықтаманы алып тастау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда тағы 24 анықтаманы алып тастау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер тізілімінен бірқатар анықтамаларды алып тастау мәселесі талқыланды. Бұл жолы 24 түрлі ақпараттық анықтама туралы сөз болды.

Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Әділет Көшербаевтың айтуынша, мемлекеттік тізілімде 694 қызмет болса, оның 49-ы анықтама.

"Бүгінгі таңда азаматтарға осы анықтамаларды бір мемлекеттік органға ұсынуы үшін оны екінші бір мемлекеттік органнан сұрауына  тура келуде. Бұл қағазбастылық пен бюрократияға әкеледі. Сондықтан мемлекеттік органға азаматтың рұқсатын ала отырып, өз әріптестерінен ала алатын бірқатар анықтаманы жою ұсынылады", - деді Көшербаев.

Бұл ретте мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі деректер базасын интеграциялау арқылы қажетті мәліметтерді ала алады. Ал ақпаратты басқа адам немесе негізгі ақпараттық жүйелерді пайдалануға рұқсаты жоқ ұйым сұратқан жағдайда, азамат үшінші тұлғасервисі арқылы өзі туралы мәліметтерді ұсынуға рұқсат бере алады немесе бас тарта алады.

Тізілімнен шығаруға ұсынылғандардың қатарында"Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы", "Уақытша еңбекке жарамсыздығы", "Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру" және т. б.анықтамалар бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети