Қазақстанда тағы 30 жалған вакцинация паспорты анықталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда жалған 30 вакцинация төлқұжатын беру тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржылық бақылау агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жалған 30 вакцинация төлқұжатын беру тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржылық бақылау агенттігіне сілтеме жасап.

"Агенттік бүгінгі күнге дейін жалған вакцинация төлқұжаттарын берудің 30 жағдайының жолын кесті, әлеуметтік жауапкершілікті көрсететін осындай деректер туралы хабарлаған азаматтар құқық бұзушылықпен күресте маңызды рөл атқарады.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Аса ауылындағы емханада жалған вакцинация паспортын заңсыз бергені туралы шағым түсті. Тексеру кезінде бөлім қызметкерлері емханада 15 мың теңгеге COVID-19 вакцинация паспорттарын бергенін анықтады",-делінген хабарламада.

Агенттік Қазақстан халқына егер сіз осындай деректерден хабардар болсаңыз, дереу + 7 7172 70-84-78 сенім телефонына немесе тұрғылықты жеріңіздегі аумақтық бөлімге хабарлаңыз.

Бұған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинациялауды қалайтын екпе төлқұжатын сатып алған қазақстандықтарға көмек көрсетуге дайын екенін айтқан болатын.

Жалған вакцинация паспортын жасау қылмыстық жазаны көздейді, сонымен қатар халыққа қауіп төндіреді. Өйткені ол адам коронавирус жұқтырып, жақындарына да таратуы мүмкін. Сонымен қатар, жалған вакцина салдырған адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы немесе тіпті өлімі халықтың вакцинаға деген сенімін төмендетеді.

Мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

"Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілі.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жаза жалған вакцинация паспортын ағандар үшін де қарастырылған.

"Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар", - деді ІІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro